Алайда Лепесова рақымшылыққа байланысты негізгі жаза — 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан босатылды.
Танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сатжан ақтөбелік емші - Бағдагүлді тағы бір сотта жеңіп шықты. Бұл жолы Бағдагүл Лепесова Динара Сатжанды қорлағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл әрекет қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігінде көрсетілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Бағдагүлді бізді қорлағаны туралы іс бойынша сотта жеңіске жеттік. Егер сізді біреу қорласа, оны нотариус арқылы ресми түрде тіркеп, сотқа жүгініңіз», – деп жазды Сатжан.
Алайда Лепесова рақымшылыққа байланысты негізгі жаза — 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан босатылды.