Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа әнінің үзіндісін жариялады.
Грузиялық танымал әнші, «А’Студио» тобының солисі Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа әнінің үзіндісін жариялады. «Jañbyrdan soñ» («Жаңбырдан соң») деп аталатын композициядан үзінді жарияланған видео аз уақыт ішінде шамамен 800 мың қаралым жинаған.
Желі қолданушылары әншінің қазақ тілінде орындаған әніне ерекше қызығушылық танытты. Көпшілік Кети Топурияның қазақша айтқан сөздеріне сүйсініп, оның акцентін де ерекше атап өтті. Сондай-ақ тыңдармандар ән мәтінін кім жазғанын болжап, түрлі пікір қалдырған.
«Қазақтар мен грузиндер – бауырлас халықтар», «Байғали бәрібір қазақша мәтіннің авторы болды ма?», «Уау, қандай керемет ән, Кети де керемет!», «Түсініксіздеу, бірақ өте әдемі», «Қазақ тілін грузин акцентімен есту – күтпеген әрі ерекше», – деп жазды желі қолданушылары.
Әннің толық нұсқасы қашан шығатыны әзірге белгісіз.