13.08.2026, 11:00

«Аяғы ауыр сияқты»: Қайрат Нұртастың інісі мен келіні талқыға түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Индира Мәуленова парақшасында бұл сауалдарға жауап берді. 

Қайрат Нұртастың інісі мен келіні әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Заңғар Нұртас пен жары Индира Мәуленова әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. Желі қолданушылары Индираның жүкті екенін айтып жарыса пікір қалдыруда. 

«Аяғы ауыр екен», «Аман есен босанып алсын», «Осы келіні ұнамайды маған», «Іштеріңді жаппаңдар!», «Кең көйлек кимейсіңдер ма?», «Беделді адамдар шығыпты ғой», «Заңғарға осы келіншегі жарасымды», «Келесісі қыз болсын», «Атақтылар» - деді, көпшілік. 

Индира Мәуленова парақшасында бұл сауалдарға жауап берді. 

«Мына комментарийлардан кейін аз керек екенін түсіндім», - деп жазды. 

Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртас кішкентай қызы Рабия - Бегімнің 1 жас тойын атап өтті. Аталған тойға әншінің отбасы, жақындары мен өнердегі достары барды.