$ 471.98  543.39  5.82

«Қыз ақымақтау»: Танымал актер қыздарды қырық үйден тыю керегін айтты (ВИДЕО)

Актер әлеуметтік желісіне видео - үндеу жариялады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал актер, режиссер Алмат Сақатов ата - аналарға бала тәрбиесіне аса мән беруін сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер әлеуметтік желісіне видео - үндеу жариялады. 

«Қалдарыңыз қалай? Немерелеріммен паркте жүрсем, ағаш ортасында бір жігіт қызды жылатып парктің ортасында ұстап тұр. Бәріміздің қыздарымыз бар ғой деп қасына барсам, шаруаңыз болмасын деп жігіт маған атылды. Жігіт менің қызым деп айтты, қызға қарасам менің жігітім дейді. Не істейсің енді? Бір - біріңді жақсы көресіңдер ма десем, иә дейді» - деді өнер иесі. 

Актер саябақта кішкентай балалар мен үлкендер қыдырып жүретінін айтып, қызға қызық үйден тыйым болу керектігін ескертті.  

«Кішкене бала тәрбиелегенде, әсіресе мынау қызға қызық үйден тыйым дейді ғой. Сондықтан балаларыңыз аман болсын, қарап жүріңіздерші. Кіммен, қайда жүр? Таңертең әлі сағат он болған жоқ. Парктің ішінде не істеп жүр? Түріне қарасам түнімен жүрген сияқты. Отан ошақтан басталады. Өз балалларымызды тәрбиелесек қалғаны ешқайда кетпейді деп ойлаймын»- деді, актер. 

Желі қолданушылары да: «Қыз ақымақтау болып тұр», «Өте дұрыс айтасыз», «Қазіргі жігіттер үйленбей жатып, қызға күйеуі сияқты билік жүргізеді», «Қыздарға сана берсін», «Тек қыздар емес, ұлдарды да тәрбиелеу керек», «Қыз баланы қадағалау керек!» - деді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0