$ 476.75  541.59  6.06

«Неткен бақыт!»: Мадияр Серікбаев Құранды жаттап шыққан қызына пентхаус сыйлады (ВИДЕО)

Өнер иесінің тұңғыш қызы Алуа қасиетті Құранды толық жаттап, хафиза атанған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал актер, «Өнер қырандары» театрының негізін қалаушы Мадияр Серікбаев отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің тұңғыш қызы Алуа қасиетті Құранды толық жаттап, хафиза атанған.

Осы айтулы жетістікке орай актер қызына екі қабатты пентхаус тарту еткен.

Бұл туралы әлеуметтік желіде актердің жақын достары жазба жариялады.

«МашаАлла! Ата-ананың ең үлкен бақытының бірі – осындай сәтке куә болу шығар. Мадияр аға мен Дана апайдың тұңғыш қызы Алуа қасиетті Құранды толық жаттап, хафиза атанды. Мен білетін отбасылардың ішінде мұндай қуанышқа алғаш болып жеткен жанұя осы. Бұл – жылдар бойы төккен еңбек, сабыр, дұға мен көреген тәрбиенің жемісі.

Алла Тағала Алуаға білгенімен амал етуді нәсіп етіп, Құранды жүрегінде мәңгі сақтауды жазсын. Ата-анасына екі дүниенің бақыты мен берекесін сыйласын», – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0