$ 476.07  541.86  6.08

«Ер азаматқа тән қылық емес»: Айым Сейітметова ажырасу аясында жазба жариялады

Актриса өз жазбасында ер адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі – өз шешімі, сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік ала білу екенін айтты.

Фото: instagram.com/aiymsm
Фото: instagram.com/aiymsm

Ажырасу процесін бастап жатқан актриса әрі блогер Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасында ер азаматтың жауапкершілігі туралы ой қозғаған жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актриса өз жазбасында ер адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі – өз шешімі, сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік ала білу екенін айтты.

«Ер адамның басты қасиеттерінің бірі – жауапкершілікті өз мойнына алу. Өз шешімі, сөзі мен әрекеті үшін жауап беру. Кінәліні өзгеден іздемей, өз ісінің салдарын басқаға жүктемеу маңызды. Себебін өзгеден емес, ең алдымен өзіңнен іздей білу керек», – деп жазды Айым Сейітметова.

Ол жауапкершіліктен қашып, өзін ақтауға тырысатын ер азаматтардың әрекеті құрмет тудырмайтынын атап өтті.

«Дәл осындай ер адамдар құрметке лайық. Ал есейген адам жауапкершіліктің орнына ақталуды таңдап, өз кінәсін өзгеге арта бастаса – бұл ер азаматқа тән қылық емес. Сондықтан, әсіресе ұл тәрбиелеп отырған аналарға айтарым: балаларды кішкентайынан өз әрекетіне жауап беруге үйретіңіздер. Сонда ғана олар әрдайым өзгелерді кінәлайтын «ересек бала» емес, арқа сүйеуге болатын азамат болып өседі», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Айым Сейітметова күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін жариялап, бұл кезеңнің өз өміріндегі ауыр шешімдердің бірі екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 49
Күлкілі 10
Ашулы 5