23.06.2026, 05:30

«Айқынның бірінші әйелімен жақсы араласам»: Жұлдыз Өмірғали өзінің ақылымен елді тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші күйеуінің бірінші әйелімен өте жақын араласатынын айтты. 

Әнші, "Кеш You" тобының экс-солисі, актриса Жұлдыз Өмірғалидің сөзі көпшілікті таң қалдырды. Ол өзінің ақылды, әрі сабырлылығымен халықтың ықыласына тағы бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші күйеуінің бірінші әйелімен өте жақын араласатынын айтты,

«Мен жақ болсын, Айқын және Әсел жақ болсын, үшеуіміз ақылдасып, балаларға психологиялық соққы болмасын деп шештік. Бір әкенің балалары бір бірімен араласа алмай жүргендері қаншама? Екі отбасы болсада. Біз үшеуіміз сол балаларды ойлап, олар бәрібір бір біріне бауыр, балалық шақтары бірге өтсін деп шештік. Біздің қолымыздан келетіні сол», - деді Жұлдыз Өмірғали.

Әншінің сөзінше, олар той томалақта бірге болмаса да, балаларды бір бірінің үйіне әкеліп тұрады. Көбіне балаларды Айқынның бұрынғы әйелі қарап қалады.

«Айқынның бірінші әйелі өте ақылды, дана. Қазіргі таңда жазушы, кітап шығарды. Ол кісі кейде, - паркке барайық деп жатыр едік, балаларыңды әкеліп тастайсың ба? деп айтып тұрады. Өте ақылды, сабырлы. Бірақ біз қатты сыйласқанымызбен бір үйде тұрмаймыз, бір дастархан басында Айқын үшеуіміз қатар отырмаймыз. Әсел менен үлкен ғой, өте ақылды адам», - деді әнші.

Оның бұл сөзі желіде қызу талқыланып, көпшілік Айқын Төлепбергеннің әйелдерінің ақылдылығына тәнті болды.