18.06.2026, 16:40

«Әдиям аяқ-қолын бауырына алды»: Сәкен Майғазиев немересін көрсетті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Өнер иесі алдымен сәби мен анасының аман-есен екенін айтып, қуанышын бөлісті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде дүниеге келген немересіне қатысты жазба жариялап, оқырмандарынан есім таңдауға қатысты ұсыныс сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі алдымен сәби мен анасының аман-есен екенін айтып, қуанышын бөлісті.

«Алла ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкіршілік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рақмет! Бізге не тілесеңіздер, Алла тағала өздеріңізге еселеп берсін», – деп жазды әнші.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, ол анасынан есім қоюды сұраған.

«Анашымды шебересімен құттықтай келгем. “Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?” – десем, “Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын”, – деді», – дейді өнер иесі.

Әнші отбасы алдын ала таңдаған бірнеше есімді де жариялап, желі қолданушыларын пікір білдіруге шақырды.

«Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: “Әйбике”, “Әйкен”, “Ақнәзік”, “Бөрте”, “Айым”, “Әсел”, “Әсем”, “Әдемі”, “Әдемау”… Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, жуырда Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның шаңырағында қыз бала дүниеге келген болатын. Осылайша өнер иесі алғаш рет ата атанды