Желіде тараған бейнероликке мыңдаған пікір жазылып, көптеген қолданушы әншінің ойын қолдаған.
Белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова қазіргі жас буынның, әсіресе «зуммерлердің» жұмысқа деген көзқарасы мен мінез-құлқына қатысты пікірін білдіріп, әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әзілге құрылған видеода бүгінгі жастардың талапшыл екенін, кейде айтқанға көне бермейтінін айтып, олардың жұмысқа деген ұстанымына таңданысын жеткізген. «Не айтқанға көнбейді, бұларды не істейміз?» деген сөзі желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, қызу талқылана бастады.
Желіде тараған бейнероликке мыңдаған пікір жазылып, көптеген қолданушы әншінің ойын қолдаған. Олардың айтуынша, қазіргі жас қызметкерлермен тіл табысу оңай емес, ал еңбекке деген көзқарас бұрынғы буыннан өзгеше қалыптасқан.
Кейбір желі қолданушылары жастардың еркіндігі мен өз пікірін ашық айтуын заман талабы деп бағаласа, енді бірі тәртіп пен жауапкершілік мәселесіне көбірек мән беру қажет екенін алға тартқан. Осылайша, Жанар Айжанованың әзіл аралас пікірі қоғамда буындар арасындағы көзқарас айырмашылығы туралы жаңа талқының басталуына себеп болды.
Қысқа уақытта кең тараған видео әлеуметтік желіде хитке айналып, көптеген қолданушы оны бөлісіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.