Мәліметке сәйкес, мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайы Алмаға жақындауға және онымен байланысқа шығуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген.
Белгілі асаба, тамада Қасым Өтешев, көпшілікке Хан лақап атымен танымал, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл шешім оның жұбайы Алмаға қатысты шығарылған қорғаныс нұсқамасын бұзғаннан кейін қабылданған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мәліметке сәйкес, мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайы Алмаға жақындауға және онымен байланысқа шығуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген.
Алайда арада бірнеше күн өткен соң асаба Алманың үйіне барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал туындаған.
«Оқиға орнында болған құрбысының айтуынша, әңгіме тез арада дау-дамайға ұласып, бір-біріне ауыр сөздер айтылған», – делінген хабарламада.
Осылайша, әлеуметтік желіде қызу талқыланған отбасылық жанжал тамада Ханның жалғыз мәселесі болмай шықты. Қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жақын күндері бостандыққа шығуы тиіс.