$ 485.95  565.74  6.83

«Әрі кетсе мына үй қалар»: Мақпал Жүнісова өзіне қызынан қандай мұра қалатынын айтты

Бірақ мен сен үшін ақша жинамаймын.

Фото: zhunussova.makpal
Фото: zhunussova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова өзінің кезекті сұхбатында болашақ жоспары туралы ашық айтып, жалғыз қызы Мерейге қандай мұра қалдыратынын жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мақпал Жүнісова болашақта жалғыз болғанына қарамастан, қызы Мерейге ақшалай мұра қалдырмайтынын айтып: "Мен әу бастан Мерейге "саған менен ақша қалмайды" деп айтып келемін. 

Мен сен үшін ақша жинамаймын. Дайындап ештеңені бермеймін. Пәлен дипломымен базарда тұрғандар бар. Соларды да көреді қызым. 

Саған менен ақша қалмайды. Оқыттым, бірнеше тіл білесің. Аударма жаса, өзің ақша тап. Солай үйрен. Менен әрі кетсе, мынау отырған үйіміз қалар. 

Болмай бара жатса, осы үйді сатып, бір бөлмелі пәтерге өтерсің. Бірақ мен сен үшін ақша жинамаймын. Өзіңе керек ақшаны өзің еңбектеніп табуың керек деп айтып отырамын", деген әнші бала өзі жұмыс істеп өзі ақша табуы керек екенін айтады. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0