$ 485.55  563.38  6.81

«Жұмыс істеңдер!»: Баян Алагөзованың қызы жастарға ақыл айтты

Instagram желісіндегі дәстүрлі «Сұрақ-жауап» айдарында оқырмандардың бірі Айсәуледен шетелге көшу жоспары бар-жоғын сұраған.

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Қазақстандық блогер әрі интервьюер, продюсер және актриса Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Instagram желісіндегі дәстүрлі «Сұрақ-жауап» айдарында оқырмандардың бірі Айсәуледен шетелге көшу жоспары бар-жоғын сұраған.

«Жоқ. Ешқашан ондай ой болған емес. Тіпті шетелде оқып жүрген кезімде де туған еліме оралатынымды білетінмін», – деді Айсәуле.

Сондай-ақ блогерден өмірде өз жолын таба алмай жүрген жандарға кеңес беруін өтінген.

«Осындай мәселесі бар адамдардың бәріне жұмыс істеуді қатаң түрде ұсынамын. Өте көмектеседі. Өкінішке қарай, көп адам бұл тәсілді байқап көргісі келмейді. Өйткені өз өміріңе жауапкершілік алып, әрекет еткеннен гөрі қиналып, сұрақ қоя берген оңайырақ. Ештеңе істемей, ешқайда бармай отырып, не істеу керегін түсіну мүмкін емес. Жүрген адам ғана жол табады», – деп жазды ол.

Сторис Айсауле Бакытбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0