Сондай-ақ, отбасы осы уақыт бойы қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.
Ісімен елге танылған Жанабыловтар отбасы ұзақ үнсіздіктен кейін әлеуметтік желіге қайта оралды. Олар соңғы айларда қиын кезеңді бастан өткергенін айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
«9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен», – деп жазды олар.
Сондай-ақ, отбасы осы уақыт бойы қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.
«Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», – деді Жанабыловтар.