27.11.2026, 00:30

«Шыдамсыз адам мал баға алмайды»: Жайлаудағы отбасының тіршілігі көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Бұл жолы олар жайлауда тұрып, мал шаруашылығымен айналысатын жеңгесімен сұхбаттасты.

Журналист Ернар Алмабек пен жұбайы Жазира Байдалы YouTube желісіндегі отбасылық Sayahat Time жобасы арқылы көрерменге еліміздің табиғатын таныстырып, жайлау өмірін көрсетіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы олар жайлауда тұрып, мал шаруашылығымен айналысатын жеңгесімен сұхбаттасты. Бұған дейін оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желіде 15 миллион қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударған еді.

Әсел ханым тіршілік етіп, мал бағатын ер адамның жары болу үшін қандай мінез керек екенін айтып берді.

"Шыдамды адам ғана мал бағады. Шыдамсыз адам мал баға алмайды. Айдостың өзінің малға ебі бар. Осылай мал бағып жүргенді жақсы көреді. Жаны рахаттанады", - деді ол.

Ал жолдасы Айдос келіншегіне көмектесіп, малды да өзі жайғайтынын айтты.

Ол мал бағуда ешқашан "шаршадым" деуге болмайтынын да атап өтті.

Тегтер: отбасы жайлау