25.05.2026, 01:30

«Мадинаш тірі болғанда...»: Мадина Ералиеваның сіңілісі әпкесін сағынышпен еске алды

Фото: Сағира Ералиева

"Бибігүл апасымен бірге талай қызықты сәттерді суретке түсіріп жүрер ме еді?!"

Белгілі әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира әлеуметтік желідегі парақшасында архивтік фотолар жариялап, марқұм әпкесін сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сағира жазбасында әншінің суретке түсуді және ерекше сәттерді таспалауды қатты жақсы көргенін айтты.

Оның сөзінше, 90-жылдары цифрлық фотоаппарат енді ғана шығып жатқан кезеңнің өзінде Мадина Ералиева естелікке толы сәттерді түсіріп, суреттерді бірден шығарып алатын болған.

«Ескірмеген суреттер! Мадинаш қазір тірі болғанда, Бибігүл апасымен бірге талай қызықты сәттерді суретке түсіріп жүрер ме еді?! 90-жылдары цифрлық фотоаппарат енді шығып жатқан уақыт еді. Сол кездің өзінде Мадинаш ерекше сәттердің бәрін түсіріп үлгеретін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазба астына жылы лебіздерін қалдырып, әншіні сағынышпен еске алған.