22.05.2026, 15:40

«Оның әйел алып, ажырасудан қолы тимеді»: Белгілі продюсер Дәурен Айдарқұлов туралы (ВИДЕО)

Сонымен қатар ол өнер саласында нағыз досты сақтау оңай емес екенін де жасырмады.

Актер әрі әзілкеш Ақылбек Досжанов Аман Тасығанға берген сұхбатында өнердегі достары мен араласатын ортасы туралы ашық айтты. Сұхбат барысында ол шоу-бизнес өкілдерімен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғап, әсіресе Нұрлан Қоянбаевпен әлі күнге дейін жақсы араласатынын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, уақыт өте келе орта өзгерсе де, шынайы достық сақталып қалған. Ол кей адамдармен аралас-құралас сирек болса да, сыйластықтың үзілмегенін атап өтті.

«Нұрланмен араласып тұрамыз. Әлі күнге дейін хабарласып, жағдай сұрасып тұрамыз. Өнердегі жолымыз бірге басталған адамдар ғой», – деді Ақылбек Досжанов.

Сонымен қатар ол өнер саласында нағыз досты сақтау оңай емес екенін де жасырмады. Оның сөзінше, әркімнің өмірі мен бағыты өзгерген сайын арадағы байланыс та сирей түседі. Дегенмен шынайы ниет пен сыйластық бар жерде қарым-қатынас үзілмейтінін айтты.

Сұхбат барысында актер өнер адамдарының өмірі сырт көзге қызық көрінгенімен, бұл саланың өз қиындығы мен бәсекесі бар екенін де тілге тиек етті. Соған қарамастан ол бұрыннан араласатын жандармен байланысты үзбеуге тырысатынын жеткізді.

Желі қолданушылары да өнер иесінің шынайы әңгімесіне жылы пікір білдіріп, достыққа адал азаматтарды құрметтейтіндерін жазуда.