19.05.2026, 15:40

«Ең керемет апасың!»: Баян Алагөзованың қызы күтушісінің тойында көпті жылатты (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

"22 жыл өтсе де әлі де бірге екендігіміз қуантады". 

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы өзін туылғаннан бастап қараған бала күтушісінің тойына барды,  деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

 Ажар есімді әйел 60 жас мерейтойын жасаған.

Айару Бақытбек алғысын білдіріп, тілегін айтты.

"Сен керемет апасың! Менің сендей няням болғанына бақыттымын. Жолым болды. 22 жыл өтсе де әлі де бірге екендігіміз қуантады. Қазір сенің 60 жас мерейтойыңда болғаным қандай бақыт", - деді ол.

Оқырмандар бұл сәтке тебіреніп, түрлі пікір қалдырды.

"Қандай қарапайым", "Апасын қатты жақсы көреді екен", "Осы қыздың бақытты болғанын қалаймын", "Қарапайым етіп тәрбиелепті", - деп жазды желі қолданушылары.