16.05.2026, 03:30

«Анасы өлген тас жетім»: Айгүл Елшібаева жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ Айгүл Елшібаева анасынан айырылудың оңай еместігін айтып, көпшілікке қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.

Танымал тележүргізуші әрі актриса Айгүл Елшібаева марқұм анасын ақтық сапарға шығарып салғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында анасына арнап жазба жариялап, жан тебірентерлік естелігімен бөлісті.

“Анамды арулап туған жеріміз Шалқарға апарып, әкемнің қасына жерлеп, садақасын беріп, Тілеу-Қабақтың батасын алып қайттық. Қадірін білген адамға, ту жығылып хан өлді, қадірін білмегенге жай бір адам өлді дегендей, қадірін білген текті жердің қызы анамыз, кешегі ишан-пірлер шыққан, Сексеннің бәрі молда, Қабақтың жары молда деген елдің қызы еді. Едіге батырдан тарайтын, Мұсаханның ұрпағы ғой. Анамның көзін көрген туған ағайын-туыс қимастығын білдірді. Анамды Алла алдынан жарылқасын, рухы әкеммен бірге пейіштің төрінде шалықтасын. Әкесі өлген мас жетім, Анасы өлген тас жетім дегендей, жарты ғасырлық ғұмырымызды анамызбен өткізген әр күнімізге мың шүкірлік еттім. ”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айгүл Елшібаева анасынан айырылудың оңай еместігін айтып, көпшілікке қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.

“Осындай қиын сәтте қасымыздан табылып, көңіл айтып жатқан барша ағайын-туысқа, достар мен әріптестерге рақмет айтамын. Анамыздың артында қалған ұрпағы, немере-шөберелері дұғасын арнай береді. Анашымның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады”, – деді ол.