Сондай-ақ әнші қызына арнап жаздырған әннің өзі үшін ерекше мағынаға ие екенін айтты.
Әнші Қарақат Әбілдина қызы Аяланның туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қызының сахнада ән айтып жүргенін көріп, уақыттың тез өткеніне таң қалғанын жасырмады.
“Кеше ғана кішкентай алақаныма сыйып жүрген сәбим, бүгін киелі сахнада әнін халыққа жеткізіп тұр… Уақыт деген қандай шіркін…” – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші қызына арнап жаздырған әннің өзі үшін ерекше мағынаға ие екенін айтты.
“Бұл әнде — тегің бар, тәрбиен бар, бабаның қаны, ананың мейірімі, елдің батасы бар…”, – деді Қарақат.
Өнер иесінің айтуынша, аталған ән алғаш рет Республика сарайының сахнасында шырқалған. Әнші сол сәттегі аналық сезімін де бөлісті.
“Талай дүлдүлдер мен бұлбұлдардың үні қалған сахнада қызыңды көру — ана жүрегіне сыймайтын сезім екен…Жаным қызым! Алла сені тіл-көзден сақтасыншы?! Өскеніңді ел көрсін!”, – деп жазды ол.