12.05.2026, 14:40

«Көзіме еріксіз жас келді»: Жахан Отарғалиев жазбасымен көпті ойландырып қойды

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Жахан Отарғалиев қолынан келгенше көмектесуге дайын екенін айтты.

Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан көп хат келіп жатқанын айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актердің айтуынша, оған қолдау сұрап, ақыл-кеңес күтетін жандар жиі хат жазады. Ол мұндай тағдырларды оқығанда бейжай қала алмайтынын жеткізді.

«Осынша көп хат келеді деп ойламадым, не деген сынақтар болып жатыр, не деген тағдырларды оқып көзіме еріксіз жас келді, мен қанша тырыссамда барлығына бірдей үлгере алмаймын ғой», – деп жазды актер.

Жахан Отарғалиев қолынан келгенше көмектесуге дайын екенін айтты.

«Бірақ сіздерден қолдау болса қолымнан келгенше көніл бөлуге тырысамын, иа өзімде бала жоқ бірақ қанша балаға КӨКЕ бола аламын», – деді ол.

Сондай-ақ актер жазбасын көпшілікке тілекпен аяқтады.

«АЛЛА БАРШАҢЫЗДЫ ӨЗ ПАНАСЫНА АЛСЫН», – деп жазды Жахан Отарғалиев.