Оны тойханаға алдап алып келіп, барлық туған-туыстың басын қосқан.
Танымал әнші Жеңіс Ысқақова өзінің 60 жас мерейтойын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесіне балалары тосын сый жасаған. Оны тойханаға алдап алып келіп, барлық туған-туыстың басын қосқан.
Бұл сәтке ерекше тебіренген әнші көз жасын ұстай алмады.
Көпшілік Жеңіс Ысқақованы мерейтойымен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
"Керемет жансыз! Туған күніңіз құтты болсын!", "Апам шок алыпты ғой", "Мерейлі жасыңыз құтты болсын!", "Аман болыңыз", - деп жазды желі қолданушылары.