$ 463.41  546.27  6.18

«Байыңдыкі дұрыс емес»: Тамара Асардың астарлы жазбасына жұрт қарсы шықты (ФОТО)

Бірі өнер иесінің астарлы ойын қолдаса, енді бірі мұндай жазбаны халық әртісіне лайықсыз деп сынаған.

Фото: tamara_assar_official парақшасынан
Фото: tamara_assar_official парақшасынан

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Маңғыстауда өтетін концерттері туралы айта отырып, парақшасында тағылымды әңгіме жариялаған. Жазбада шаршаған әже мен ауыл баласының оқиғасы арқылы адам әрекетінің өзіне қайта оралатыны астарлы түрде баяндалады. 

"Бір әже сәске түсте, үйдің көлеңкесінде маужырап ұйықтап алайын деп жатса, шыбындардың бірі ызыңдап, бірі тістеп, денесін жыбырлатып, жүйкесін қыбырлатып ұйықтатпапты. Ұйқыны қимай, оянуға әлі келмей, орамалы мен самай шашы ұйпа-тұйпа болып, көзін аша алмай таспақадай тарбиып жатса, шарбақтан бір бала басын шығарып: “Әже, әже әжетхана қайда? Қысылып барам”, – депті. Әже оған: “Енді қатты қысылып бара жатсаң, дәл сол жерге қапталдатып отыра кет”, – дейді. Кейін әлгі бала рақмет айтып келгенде, әже: “Әй, бала сен анау өзің жасаған құмалақтарыңды бөлшікпен ал да, шыбындарды қондырып, қонбағанын асықпай жүріп, артыңнан ертіп, ауылдың сыртына тастап кет. Ал мен ұйықтап алайын”, – деген екен”, – деп жазды Тамара Асар. 

Әншінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі өнер иесінің астарлы ойын қолдаса, енді бірі мұндай жазбаны халық әртісіне лайықсыз деп сынаған.

Желі қолданушыларының бірі: "Өнер адамы" жазатын сөз бе осы? Әрі қандай болса да халық әртісісің. Тіл маманына бұлай әдеби тілдің нормасынан тыс жазу өте ұят. Деңгей деген болу керек… Сосын кейбіреулер астарлап жазды, мән бар бұл постта деп жатыр. Солай да шығар, бірақ қазіргі күйеуімді жақтаймын деп астам сөйлеуге болмас, ол — бұрынғы әйелі, яғни бір кездегі сүйіп қосылған жары — өзің сияқты.Қандай болса да екі баласын өмірге әкелді. Өзі видеода 2 жыл күттім, қараспағасын амалсыздан осы қадамға бардым деп тұр. Сондықтан әйел, ана ретінде қайта оны түсініп, қолдау керек. Ол – қызыңның бауырларының анасы! Құдай шебер, астамсығанды бір сәтте орнына қояды”, – деп пікір қалдырған. 

Тағы бір оқырман: “Қалай болғанда да байыңдыкі дұрыс емес. Баладан баланың жорғасы бар ма? Өмірге әкелді ме, асырап жеткізуге міндетті”, – деп жазды.

Сондай-ақ тағы бір пікірде: “Түсіндік қой, бірақ ол да ана ғой, бір отбасы болған сіздің жолдасыңызбен. Еріккеннен солай шыға ма екен, сонша жылдан соң?”, – деген сөздер айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0