$ 465.01  543.55  6.15

«Мәңгі жүрегімізде...»: Арман Дүйсеновтің жақындары жүрекжарды жазба жариялады

Олар өнер иесінің өмірден өткенімен, оның жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Фото: Фото: instagram.com/arman_duisenov_official
Фото: Фото: instagram.com/arman_duisenov_official

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің туған күніне орай оның жақындары естелік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Олар өнер иесінің өмірден өткенімен, оның жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

«Кеше әкеміз Арман Дүйсеновтің туған күні еді. Ол жанымызда болмаса да, дауысы, күлкісі және артында қалдырған ізі – біздің жүрегімізде мәңгі», – делінген жазбада.

Марқұмның жақындарының айтуынша, көпшілік үшін ол – талантты композитор, қазақ музыкасына бүкіл ғұмырын арнаған тұлға болса, отбасы үшін – қамқор әке, шаңырақтың тірегі болған жан.

«Жұртқа – дарынды өнер иесі, композитор. Біз үшін – әке, сүйеніш, үйдің берекесі», – деп жазды олар.

Сондай-ақ отбасы мүшелері оны үнсіз еске алып, сағынышпен еске алатынын жеткізді.

«Бүгін де оны іштей еске аламыз. Құрметпен. Алғыспен. Сағынышпен», – деп түйіндеді жақындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0