Сонымен қатар, ол қандай процедуралар жасатқанын да жасырмады.
Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында ота жасатқанын айтып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі алдымен өзіне алаңдаған жандарға алғыс білдірді.
«Мен үшін уайымдап, тілектес болған, стористардан тіпті жылап алған оқырмандарыма рахмет, хаттарыңызды оқып үйде жатырмын уже», – деді ол.
Көпшілікті қызықтырған сұрақтардың бірі – мұрынға не себепті операция жасатқаны. Бұл туралы Балжан ашық айтты.
«Өзіме де ұнайтын. Бірақ мұрнымның ұшында сіңір қозғалып кетіп, ассиметрия жоғалды, сондықтан врачқа барып кәдімгі мұрын керек дедім», – деп түсіндірді әнші.
Дәрігер таңдауы жайлы да пікір білдірді. Оның айтуынша, шетелге барудың қажеті жоқ.
Сонымен қатар, ол қандай процедуралар жасатқанын да жасырмады.
«Жұрттың бәрі жасап жатқан сол көз бен мұрын ғана. Басқа жерлерге имплант, ботокс, фигура әлі жасамадым», – деді Балжан Бидаш.