$ 464.53  543.73  6.15

«Шынайы биіктік мансапта емес, мінезде»: 50 пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзов жазба жариялады (ВИДЕО)

Ол адам қандай биікке көтерілсе де, қарапайым болуды ұмытпау керегін атап өтті.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов әлеуметтік желіде қарапайымдылық пен кішіпейілділік туралы ой қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол адам қандай биікке көтерілсе де, қарапайым болуды ұмытпау керегін атап өтті. Кәсіпкердің айтуынша, шынайы биіктік мансапта емес, адамның мінезінде көрінеді.

«Адам қанша биікке көтерілсе де, қарапайымдылықты ұмытпауы керек. Өйткені шынайы биіктік мансапта емес, мінезде. Қарапайым болып қалу – нағыз күш, ал кішіпейілділік адамды адам ететін ең үлкен қасиет», – деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше Тұрсын Алагөзов зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйға бергенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0