$ 461.55  540.38  6.15

«Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Тәуекел Мүслім жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Актер Тәуекел Мүслім марқұм әкесінің басына барып құран бағыштады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Шымкент пен Түркістанның ортасында Темірлан атты тамаша ауыл бар. Сондай әдемі жер. Бұны не үшін айтып отырмын? Өйткені ол жерде менің балалық шағым өткен, аз да болса осы мекенде әкеммен бірге тұрдым. Енді сол әкемнің басына өз балаларыммен келіп, құран бағыштамақшымын. Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1995-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - деп жазды актер.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

"Әкеңізді Оңтүстіктің бәрі жақсы таниды", "Мықты кісі болған. Жаны Жәннатта болсын", "Ниеттерің қабыл болсын", "Әкең бір аунап түскен шығар", деді олар. 

Айта кетейік, Сабыр Мүсілім 90-шы жылдары Кеңес үкіметі ыдырап, ел бөлініп бастаған кезде, қазақтардың ішінен суырылып шығып саясат сахнасынан көрінген азаматтардың бірі еді. Сол жылдары өңірдегі жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін көп тер төккен. Оны қылмыс әлемінің серкесі деп те атайды.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, екіжүзділік пен әділетсіздікті ұнатпайтын, намысшыл, бір сөзді азамат болған. Сабыр Мүсілімнің әділдік жолында жасаған әрбір әрекеттерін, тиісті органдар заңға қайшы деп есептеген. Оған 9 бап бойынша айып таққан, алайда оның ешбірі дәлелденбеген. Сөйте тұра полиция жазықсыз азаматтың көлігіне тінту жүргізіп, қолдан жасалған пышақ тауып алған, нәтижесінде суық қару сақтады деп түрмеге жауып тастаған. Темір тордың арғы жағында белгісіз ауруға шалдығып, босап шыққан соң ауруды жеңе алмай Алматы қаласында өмірден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0