$ 460.8  541.21  6.13

«Артын жалап беретіндер жақсы өмір сүріп жатыр»: Алмат Сақатов жағымпаз адамдарды аямай сынады (ВИДЕО)

Сондай чемпиондарды танисыз ба?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актер әрі блогер Алмат Сақатов әлеуметтік желіде мансап, байлық және қызмет үшін адамдықтан аттап, жағымпаздықпен айналысатындар туралы кезекті өткір видеосын жариялады. Ол бұл қасиеттің қай қоғамда болмасын кездесетінін, ал қазіргі уақыт сондайлардың "нағыз дәуірі" екенін ашық айтты деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актердің бейнежазбадағы сөзі :

«Мынау қай заман болмасын, қай кез болмасын, біреудің артына кіре алатын, сол артын жақсылап тұрып жалап беретін — бастық үшін, байлық үшін, қызмет үшін, не үшін болса да... сондай адамдар қай заман болмасын жақсы өмір сүрген.

Ол баяғы заман болсын, қазіргі заман болсын, біреудің артына байқатпай кіріп кетіп, байқатпай жақсылап тұрып қай жері болмасын тазалап беретін адамдар қай заман болсын жақсы өмір сүрген. А қазіргі заман сондайлардың «чемпиондарының» заманы ғой негізі.

Сіз қалай ойлайсыз? Сондай чемпиондарды танисыз ба?»

Желі қолданушылары актердің бұл ашық әрі боямасыз айтқан шындығын қызу талқылап, пікірлер бөлімінде өздері танитын осындай "чемпиондарды" мысалға келтіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0