Ол 30 жылдық кәсіби тәжірибесінде түрлі жағдайды бастан өткергенін атап өтті.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы блогерлердің шынайылығы туралы пікірталасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол 30 жылдық кәсіби тәжірибесінде түрлі жағдайды бастан өткергенін атап өтті. Айтуынша, бұл жолда соттасқан да, қателескен де, шындықты айтқан сәттері де болған.
Жүргізуші блогер Назым Жангазинованың шынайылық туралы жазбасын өзекті деп бағалап, кейде ар-ожданын қорғау үшін тәуекелге барып, жалғыз қалған кездері де болғанын жеткізді.
«30 жылдық тәжірибемде түрлі жағдайлар болды ғой. Соттастым да, боқтастым да, еркеледім де, қателестім де, турасын да айттым. Есегің судан өткеншенің бәрін көрдік. Баяғыда ар-ожданымды қорғаймын деп басымды біраз қатерге тігіп, жалғыз қалып кеткенім де бар.
Сотталып жатқандардың достарына бірдеңе деудің өзі бос әурешілік деп ойлаймын.
Шынымен де ақыры түбінде офлайн өмірде сыйласатындар қолдады», - деді ол.