$ 460.8  541.21  6.13

«Екі жыл ел алдына шыға алмағаным осыдан»: Жахан Отарғалиев соңғы қарызынан құтылды (ВИДЕО)

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев 2024 жылы актер Шерхан Пірназарға қажылыққа жолдама сыйлаймын деп уәде берген еді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын қуантты. Өнер иесі көптен бері мойнында жүрген соңғы қарызын жауып, жаңа өмір бастауға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Енді реально уһ деп жаңа өмір бастайын деп жатырмын. Екі жыл бойы сіздердің алдарыңызға шыға алмаған себебім маза болмады, міне Алланың қалауымен барлық қарыз жабылды», — деп жазды актер.

Желі қолданушылары оның бұл жаңалығын жылы қабылдап, құттықтау жаудырған. Пікір қалдырғандардың қатарында актер Бауыржан Бекмырза да болып, Жаханға әзіл аралас ақ тілегін жолдаған.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев 2024 жылы актер Шерхан Пірназарға қажылыққа жолдама сыйлаймын деп уәде берген еді. Көпшілік оның сол уәдеге байланысты қаржылық міндеттемелері болғанын айтып жүр. Енді актер сол соңғы қарызынан да құтылғанын мәлімдеп отыр.

Желіде оқырмандар бұл жаңалықты «жаңа кезеңнің бастауы» деп бағалап, актерге береке мен молшылық тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1