$ 464.86  544.03  6.14

«Қайдағы махаббат?»: Динара Сәтжан күйеуімен құшақтасып ел талқысына қалды (ВИДЕО)

Жамиля Умайдың айтуынша, KFW Astana сән көрсетілімінен кейін Динара Сәтжанға жұбайының қолдау білдіруі көпшілікке үлгі боларлық жағдай.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Кәсіпкер Жамиля Умай журналист Динара Сәтжан мен жұбайы Жұмабек Жанықұлдың қарым-қатынасына сүйсініп, олардың арасындағы сыйластық туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жамиля Умайдың айтуынша, KFW Astana сән көрсетілімінен кейін Динара Сәтжанға жұбайының қолдау білдіруі көпшілікке үлгі боларлық жағдай.

«Жұбайлардың бір-біріне қолдауы – бұл сән-салтанат па? Жоқ. Бұл – базалық стандарт. Оны Жұмабек Жанықұл мен Динара Жанықұл көрсетіп жүр», – деп жазды ол.


Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір жазды. 

"Біреудің бақытын ұрлап, біреудің әкесін алып бақытты болмай-ақ қойсыншы", "Осы әйел маған ұнамайды", "Осының қай жеріне қызығып жүр екен", "Бәрібір бірінші әйелі мен балаларын аяймын", "Қайдағы махаббат? Көпшілік алдында өтірік істеп тұр. Динара оны емес, ақшасын жақсы көреді", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0