$ 464.86  544.03  6.14

«Не тірлік мынау?»: Еркебұлан Тоқтар өзін аяқтан шалғандарға ренішін жеткізді (ВИДЕО)

Оның айтуынша, видеоны желі қолданушысы полицияға жіберген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Еркебұлан Тоқтар жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады ММА файтері Еркебұлан Тоқтар жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, видеоны желі қолданушысы полицияға жіберген.

Оқиға Астанада Қабанбай батыр даңғылында болған: спортшы автобус жолағына байқамай кіріп кеткенін айтты.

Тоқтар айыппұлды даусыз төлейтінін мәлімдеді.

"Сасығанда да дұрыс сасымайсыңдар ма? Не тірлік мынау? Видеоға түсіріп, оны қырқып-қырқып салып жіберген. Олай мен де жасай аламын, бірақ ұятым жібермейді. Хейтерлерімнің біреуі шығар. Айыппұлды төлейсін, бірақ мәселе сендердің сасығандарыңда болып тұр", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1