Алан - жолбарыстың күшігі.
"25 теңге" және "Келінжан 2" сынды танымал телехикаялар арқылы көпшілікке кеңінен танылған актер Нүркен Иманқұлов ұлды болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
«Әбдез Алан Нұркенұлы! АЛАН: жолбарыстың күшігі,баһадүр, қайратты, жүректі, қорғаушы мағынада! Менде қандай да бір маңызды күн болса, осылай жаңбыр жауып тұрады. Бұл да бір қуаныш! Баршаңызға рахмет!», - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары актердің қуанышымен құттықтап, тілектерін жаудырды.
Айта кетейік, бұл актердің екінші отбасы. Бірінші әйелінен екі ұлы бар.