Керемет сәттің куәсі болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
Танымал әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованы құттықтауға арнайы келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Жұлдызға және қызы Рәбия-Сұлтанға ән арнады.
Ал Қайрат Нұртас жарына мамыргүл шоқтарын тарту етті.
Керемет сәттің куәсі болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Қандай керемет", "Құтты болсын", "Бақытты болыңдар", "Сырым келіпті", "18 жылдан кейін кейін кездесіпті", "Қос аңыз", "Екеуі достасса екен", "Кезінде Гүлзира керек қылмап еді", - деп жазды оқырмандар.