Әнші бұл жағдайдан кейін шүкіршілік айтып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелден оралған сапарында жоғалған жүгінің табылғанын айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz.
Өнер иесі бұған дейін екі үлкен чемоданы жоғалып кеткенін, ішінде қомақты сомаға бағаланатын жеке заттары болғанын жазған еді. Сол кезде әнші:
“Елге келдім. 2 үлкен чемоданым жоғалды. Ішінде 10-млнға жуық тұратын затым қалды. Бренд сөмке, аяқкиімдер тб. Әшейінде өзіммен алып жүретін алтын салатын қорабым да, сол багажда кетті… шығын шықпай, кіріс жоқ деп, бір жылап алдым да, көзімнің жасын сығып ары қарай жолға шықтым. 5-сәуірден гастролім басталады. Көңілімді көрерменім жұбатар!”, – деп жазған болатын.
Арада екі күн өткен соң Әуелбекова жүгінің Бангкоктан табылып, Алматыға жеткізілгенін мәлімдеді. Әншінің айтуынша, заттарының ешқайсысы жоғалмаған.
“Алақааааай!!! 2 чемоданым Бангкотан табылды! Алматыға жеткізілді! Жоғалғанда зекет, садақам түгел, неге бұлай болды екен деп, сан түрлі ой мазалап еді… Енді, ашып қарасам бір де бір затым жоғалмаған! Барлығы орнында! Қуанып отырып ішіндегі біраз затымды тараттым! Аллаға сансыз шүкір!”, – деді әнші.
Осылайша, Мөлдір Әуелбекованың біраз уайымға салған жүк мәселесі сәтті аяқталды. Әнші бұл жағдайдан кейін шүкіршілік айтып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.