$ 473.13  554.08  6.13

«Үш бірдей қуаныш»: Гүлзира Айдарбекова Шымкентте дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Қуанышқа ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова да арнайы келген.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Шымкент қаласында отбасымен бірге дүбірлі той жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол шаңырағындағы үш бірдей қуанышты атап өткен. Өзінің туған күні, Зира мейрамханасының ашылуы және немересі Әміренің бесік тойы. 

Қуанышқа ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова да арнайы келген.

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков немерелеріне ән шашуларын орындады. 

"Бүгін біздің шаңырағымызда үш бірдей қуаныш болып жатыр", - деп жазды продюсер. 

Кешке эстрада жұлдыздары Заттыбек Көпбосынұлы мен Шахризада да ән шырқады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0