"Өгей шешесіне еріп киіп еді".
Танымал әнші Абай Бегейдің 17 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат Абайқызы орамалын шешті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлі бұл әрекетінің себебің түсіндірмеген. Тіпті мәлімдеме де жасаған жоқ.
Алайда видеоларда оның орамалсыз жүргені анық байқалады.
Өнер иесінің қызы орамалсыз әпкесі Ерке Абайқызы да желідегі парақшасына жүктеген.
Желі қолданушылары Сымбаттың бұл әрекетін сынап түрлі пікір қалдырды.
"Мерзімі бітті ме?", "Ойыншық болды ғой", "Өгей шешесіне еріп киіп еді", "Орамалмен әдемі еді", "Қор қылды-ау", "Қалай осынша жеңілтек болуға болады", "Жас қой не қылады орамал тағып", "Шешетіні бар неге тағады", - деп жазды оқырмандар.