$ 460.37  531.87  5.82

«Қара шаңырақта қалғандарға»: Жанболат пен Жазира тойда ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Тұңғышы Қазбектің тойында сөз сөйлеген Жазира Байырбекова қайын інісі мен абысынын қуантып қойды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Туған жерінде той өткізген Жанболат пен Жазира шаңырақтағы ұл мен келінге ерекше сый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұңғышы Қазбектің тойында сөз сөйлеген Жазира Байырбекова қайын інісі мен абысынын қуантып қойды. 

"Нұрболат пен Айгүл үйдің кенжесі болса да жолдары үлкен. Әрдайым құрмет тұтамыз. Қашан келсек те есік ашық, дастархан жаюлы. Біз келеміз де бәрін шашып-шашып кетеміз, барлық ауыртпалық өздеріне қалады. Сол ауыртпалықты үндемей, қабақ шытпай көтеріп 7 келіннің міндетін атқарып отырған Айгүлге бір қошемет көрсетейікші. Осы тойда бір идея келді. Екеуіне әлемнің кез келген жеріне бір аптаға саяхат сыйлағым келеді. Таңдау өздерінен. Шетелге бармаймыз десе, Сарыағаш немесе Алматы", - деді ол. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Бір бөлігі жұлдызды жұптың жомарттығына таңданса, енді біріне Сарыағаш дегені жақпай қалған. 

"Шетелден бастап Сарыағаштан аяқталды", "Машинаны неге осы кісілерге бермеген", "Керемет, абысындардың түсінігі мол екен", "Шетелге бармаймыз десе, дегеннен кейін қалай барады", "Қара шаңырақта тұрамыз. Рақмет айтса да қуанамыз", деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 2