$ 460.37  531.87  5.82

«Қатты мақтан тұтамын»: Тұрсынғали Алагөзов «Парасат» орденіне ие болды (ВИДЕО)

"Алагөзов мырза енді жай ғана Тұрсынғали Тұрымович емес, бүгінде Парасат орденінің иегері". 

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов мемлекеттік «Парасат» орденін алып, бұл жаңалықты желіде бірінші болып әйелі Баян Алагөзова сүйіншіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл қуанышты жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісіп, арнайы бейнежазба жариялады. Видеода оның әйелі Баян Алагөзова күйеуін телефон камерасына түсіріп, жаңа марапатымен құттықтаған.

«Алагөзов мырза енді жай ғана Тұрсынғазы Тұрымович емес, бүгінде Парасат орденінің иегері, құттықтаймын, мен сені өте мақтан тұтамын», – деді Алагөзова.

Марапат иесі бейнежазбаның астына туған жерге қызмет етудің маңызы туралы ойын білдірді.

«Елге адал қызмет ету – әр азаматтың жүрегіндегі ең үлкен жауапкершілік. Туған жеріңе пайдаңды тигізу – нағыз абырой. Бүгінгі ісің ертеңгі ұрпаққа үлгі болсын», – деп жазды Тұрсынғали Алагөзов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0