Осыдан кейін оқырмандар түрлі болжам жасап, бұл олардың ортақ баласы болуы мүмкін екенін жазуда.
Желіде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың кішкентай сәбимен жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қала тұрғыны оларды автотұрақта бірге көргенін айтып, видео кадрларын бөлісті. Кадрлардан Дариға Бадықованың қолында сәби барын байқауға болады. Осыдан кейін оқырмандар түрлі болжам жасап, бұл олардың ортақ баласы болуы мүмкін екенін жазуда. Әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
"Әр адам бақытты болуға лайықты", "Жақсы жаңалық қой", "Баян сияқты балалы болған шығар", "Іші барын байқағам", "Тағы он баласы болсын", "Дариға ана болса қуанар едім", "Бала өмірдің мәні ғой", "Асырап алған шығар", деп жазды пікір білдірушілер.