30.03.2026, 09:40

«Құдағиды алып қашуға дайынмын»: Қайрат Әділгерей әзілдеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Той барысында асаба ортаға шыққан келіннің анасына қатысты айтқан әзілі көпшіліктің сынына ұшыраған.

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің үйлену тойын жүргізген актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Той барысында асаба ортаға шыққан келіннің анасына қатысты айтқан әзілі көпшіліктің сынына ұшыраған. Желі қолданушылары оның сөзін орынсыз деп бағалады.

«Құдағи 7 баланың анасы, бірақ мен сізді көшеде көрсем алып қашуға дайынмын», – деген Қайрат Әділгерей.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде асабаның жүргізу мәнері қызу талқыланып, көпшілік оның әрекетін сынға алды.

"Көпшілік Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын, мәдениет, әдеп өте төмен. Жүргізе алмады, артық сөздері көп. Қайрат шектен шықтың ұят. Аузына не келсе соны айтты", – деп жазды желі қолданушылары.