$ 482.33  557.57  5.74

«Сабырмен шыңдалған чемпион»: Динара Әлжан Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді

Желі қолданушылары да әншінің пікірін қолдап, спортшының жетістіктері Қазақстан жастарына үлкен мотивация беретінін атап өтті.

Фото: dinaraalzhanofficial парақшасынан
Фото: dinaraalzhanofficial парақшасынан

Әнші Динара Әлжан танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында файтердің табандылығы мен еңбекқорлығын ерекше атап өткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Сабырмен шыңдалып, күшімен дәлелдеген нағыз чемпион. Жеңіс жай ғана нәтиже емес, ол мінез, тәртіп және тынымсыз еңбек. Шавкат Рахмонов – елдің мақтанышы, рухтың символы. Әр жекпе-жегі – тарих, әр қадамы – үлгі», – деп жазды.

Желі қолданушылары да әншінің пікірін қолдап, спортшының жетістіктері Қазақстан жастарына үлкен мотивация беретінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0