$ 491.29  562.92  6.1

«Қазір ешкімге мұңымды шақпаймын»: Мақпал Жүнісова көңілі қалған адамдары жайлы айтты (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова өмірінде ең маңыздысы – отбасы екенін атап өтті.

Фото: instagram.com/zhunissova.makpal
Фото: instagram.com/zhunissova.makpal

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жақын адамдарына қатысты көңілі қалған сәттері болғанын айтты. Өнер иесі бұл туралы әнші Нұрлан Албан жүргізетін сұхбат барысында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, бүгінде ол жан сырын кез келген адамға аша бермейді. Тіпті бұрынғыдай жақындарына мұңын шағып, ішкі сезімдерін айту да сирек кездеседі.

«Қазір ешкімге мұңымды шақпаймын. Бұрын бәрін айтып, сыр бөлісетінмін. Бірақ уақыт өте келе адамның ішінде бәрі өзгереді екен», – дейді ол.

Сондай-ақ әнші қазіргі кезде өз сырын бөлісетін ең жақын адамы – қызы екенін айтты. Оның сөзінше, өмірде талай жағдайдан өткен соң, кімге сенуге болатынын жақсы түсінген.

Өнер иесі кейбір сәттерде жетістіктеріне қуанып, қолдау білдіруі тиіс адамдардың жанынан табылмаған кездері болғанын да жасырмады. Мұндай жағдайлар адамның көңіліне әсер етпей қоймайтынын айтты.

«Өмірде кейде жетістікке жеткен сәттеріңде қасыңда болады деп ойлаған адамдар келмей жатады. Сондай кезде көп нәрсені түсінесің», – дейді әнші.

Дегенмен Мақпал Жүнісова өмірінде ең маңыздысы – отбасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, қызы әрдайым жанынан табылып, қолдау көрсетіп келеді.

Сұхбат барысында әнші өмірлік тәжірибесі оған адамдарды жақсырақ тануға үйреткенін де айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0