Сондай-ақ тележүргізуші қоғамда жиналып қалған жан жарасын жеңудің маңызын атап өтті.
Тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында сәуір айында елордада өтетін маңызды іс-шаралар жөнінде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның мәліметінше, 4–5 сәуір күндері Астанада Валерий Синельниковтің қатысуымен «Өз дертіңді сүй» атты форум өтеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – адамдарға рухани қолдау көрсетіп, ішкі күйзелістен арылуға көмектесу.
«Мен бұл тренингті шағын форматта, тар шеңберге арнап, артық әуресіз өткізе алар едім. Бірақ онда ең маңыздысы жоғалады», – деп жазды ол.
Сондай-ақ тележүргізуші қоғамда жиналып қалған жан жарасын жеңудің маңызын атап өтті.
«Мен шын жүректен мүмкіндігінше көп адамның жан ауыртпалығынан арылғанын қалаймын. Жүректе жүк азайса екен. Ондаған жыл бойы бойымызда сақтап жүрген өкпелеріміз азайса екен», – деді Сәтжан.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда көптеген адам күйзеліс, мазасыздық және тоқтаусыз стресс жағдайында өмір сүріп жатыр.
«Біз бұл өмірге қиналу үшін келген жоқпыз. Бірақ көбіне уайыммен, ішкі ширығумен өмір сүреміз. Жылдар бойы ескі өкпені сақтап, кейін өзгелерді де ренжітеміз», – деп жазды ол.
Сонымен қатар сәуір айының соңында елордада Kazakhstan Fashion Week Astana сән апталығы өтеді.
«Біз шетелдік және қазақстандық қызықты дизайнерлерді, жаңа есімдер мен тың идеяларды, жаңа энергияны бір алаңға жинаймыз. Бұл – қазақстандық сән индустриясының дамуына, дарынды жандарды қолдауға қосқан үлесіміз», – деді продюсер
Тележүргізуші сәуір айын жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер кезеңі ретінде бағалады.
«Сәуір – сауығу туралы. Сұлулық туралы. Өсу туралы. Мүмкін, дәл осы ай кейбір адамдар үшін өмірдің жаңа тарауының бастамасы болар», – деп түйіндеді Динара Сәтжан.