$ 491.29  562.92  6.1

Астанадағы тойда әзілкеш Нұрлан Сабуров бой көрсетті (ФОТО)

Кейін той иесі дәстүр бойынша оған шапан жауып, құрмет көрсеткен.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Астанада өткен мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде қатысып, оның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәліметтерге сәйкес, елордалық кәсіпкер ұйымдастырған бұл той Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді сәбилердің бір жасқа толуына орай өткізілген. Кешке жиналған қонақтар әзілкешті ерекше ықыласпен қарсы алған.

Желіде тараған кадрлардан Нұрлан Сабуровтың мейрамханаға қонақтардың ду қол шапалағымен кіріп келе жатқанын көруге болады. Кейін той иесі дәстүр бойынша оған шапан жауып, құрмет көрсеткен.

Айта кетейік, бұл жиынға бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовта келгені белгілі болды. Тойдан тараған бейнежазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1