$ 491.68  568.23  6.2

«Бірінші алдымнан өтсін»: Сиви Махмуди көмек сұраған әншілерге сес көрсетті (ВИДЕО)

Ол Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында әкесінен көмек сұрап баратын әншілердің көп екенін айтты.

Отандық шоу-бизнестің жарқын өкілдерінің бірі Сиви Махмуди кейбір әріптестеріне ренжулі екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында әкесінен көмек сұрап баратын әншілердің көп екенін айтты.

«Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп. Кезінде талай әншілерге көмектескен. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ, мен кейін «мүлде көмектеспеңіз» деп айттым, өзі де көрді. Сол адамдардың біреуі жағдай сұрап келмеді. Ешкімнен ақша күтпейсің, тек әкем «тойға келіп өлең айтып кетші» деп өтініш айтқанда телефондарын алмайтындары бар. Ешкімді маңайыңызға жолатпаңыз деп айттым. Бірақ бәрібір бәрі кабинетінің алдына келіп отырады. Жыным келеді. Мен арқылы шықпайды. Номерін тауып алып, барады. Мен оған ренжимін. Сұрағы болса, менен асып кетпей, бірінші алдымнан өтсін. Міндет сияқты. Менің әкем жәй ғана кәсіпкер», — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0