$ 497.56  586.92  6.44

«Осы сәтті 5 жыл күттім»: Еркебұлан Тоқтар туған інісінің арманын орындады (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал актер, жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзінің туған бауырына ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша бұл күнді 5 жыл армандаған. Кезінде өзіне материалдық тұрғыдан қатты көмектескен інісіне пәтер кілтін сыйлады.

"Мысалы сенің аған бар, өзіңнен 3 жас үлкен. Бірақ қарызға қатты батып кеткен. Кредит алып берші деп тұр. Қатты қиналып тұр. Саған несие алып берші өз атыңнан, қайтарамын деп тұр. Несиесі көп болғаны соншалық қайтармайтынын біліп тұрсың. Дәл солай мен ініме барғанмын осыдан 5 жыл бұрын. Кредит алып құмар ойындарына тіге бергенмін. Барсам ойланбай болды, алып беремін деп алып берді. Солай мен жаймен аяққа тұрып, қалған қарыздарымды жаптым. Сол кезде бермегенде мен мүмкін сынып кетер ме едім. Сондықтан менің туған інімдің орны бөлек мен үшін. Бар ақшамды жинап оған 2 бөлмелі пәтер алдым. 2 баласы бар, әке-шешеммен бірге тұрады. 3 жұмыста жасайды, пәтер ала алмай жүр. Мен бұны өзім беріп жатырмын деп ойламаймын. Алла тағала мен арқылы беріп жатыр. Осы күнді 5 жыл армандадым. Аллаға шүкір бүгін жеттім", - деп жазды ол.

Оқырмандар Еркебұланның бұл әрекетіне тәнті болды.

"Жылап отырмыз. Жарайсың, Еркебұлан", "Еркексің", "Нағыз үлгі", "Берекелі болсын", "Құтты болсын", "Ағасы бардың жағасы бар", - деп жазды желі қолданушылары. стан кз стилінде хайп тақырып керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0