$ 501.75  591.96  6.52

Димаш Құдайбергеннің Алматыда әжесімен серуендеген фотосы тарады (ФОТО)

"Осындай немерелеріңіз бар бақыттысыз". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Желіде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Алматыда туыстарымен серуендеп жүрген жаңа фотосуреттері пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Instagram желісіндегі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері парақшасында жарияланған суреттерде өнер иесі інісі Мансұрмен және әжесі Миуа апамен бірге түскен. Фотолар Алматы қаласындағы Көк-Төбе маңында түсірілген.

Жарияланым сипаттамасында: «Әже екі немересімен» деп жазылған.

Оқырмандар керемет көрініске тамсанып, түрлі пікір жазуда.

"Осындай немерелеріңіз бар бақыттысыз", "100-ге келіңіз", "Серуен оңынан болсын",- деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0