$ 496.85  585.54  6.49

«Маған өлуге болмайды, бала туу керек»: Фариза Ескермес көпшілікті алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Фариза Ескермес өз парақшасында түсірілім кезіндегі сезімдерімен бөлісті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Маңғыстаудың көркем тауларының шыңында жүріп, актриса Фариза Ескермес ерекше фототүсірілім өткізді. Алайда түсірілім сәтінде биік жартастардың қауіптілігі актрисаны кәдімгідей алаңдатқан. Соған қарамастан, жұмыс ойдағыдай өтіп, тамаша кадрлар алынған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Фариза Ескермес өз парақшасында түсірілім кезіндегі сезімдерімен бөлісті.

«Маған өлуге болмайды. Бала туу керек. Аналық инстинкті айтам да, ана болмай тұрып баламды ойлап тұрм, сондағысы» — деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса биікке каблукпен шығуға кеңес бермейтінін ескертіп өтті:

«Абай болыңыздар, біз сияқты каблукпен келуші болмаңыздар. Сәл оңға не солға қисайсаң – болды, құлап кету қаупі бар», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0