Алғашқы бала шетке ысырылды.
Айтыскер ақын, кәсіпкер Сара Тоқтамысова әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасқан әйелдерге үн қатып, жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ажырасқан, балалы әйелдер…
Ешқашан балаларыңды ешкімге жаутаңдатпаңдар. «Пейіш» киносын көріп отырып, қаншама әйелдің тағдыры есіме түсті…
Семейде бір келіншекті танитын едім. Бірінші некеден туған баласын екінші күйеуі бастапқыда жақсы қабылдағандай болды.
«Балаң – менің балам» деді. Қамқор көрінді. Бірақ өзінен туған бала дүниеге келген соң… бәрі өзгерді. Алғашқы бала шетке ысырылды. Ең ауыры – баланың сезімі. Ол бәрін сезеді. Кімнің өз, кімнің өгей екенін айтқызбай-ақ біледі», - деді ол.