Продюсердің жазуынша, отбасында құда-құдағиларымен бірге мерекелік көңіл күй орнаған.
Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады. Ол үш келінінен Нұртас әулетіне тағы үш сәби қосылғанын айтып, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Продюсердің жазуынша, отбасында құда-құдағиларымен бірге мерекелік көңіл күй орнаған. Сондай-ақ ол қызы Аруназдың дүниеге келгеніне 40 күн толғанын атап өтті.
«Аллаға сансыз шүкірлер, үш келінімізден Нұртас әулетіне тағы үш перзент қосылып, отбасымызда кішірігім құда-құдағиларымызбен мереке-сәре болған сәттерімізбен бөлісіп қояйын. Аруназ қызымызға 40 күн! Әумин деп, жүрек жылуын толтыра лайк басып, тілек жаза кетіңіздерші. Ұрпақтарыңызбен қуанып, ең бақытты сәттерді сезіну сіздерге де жұғысты болсын!», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсерді құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.